Жарнама
Жарнама

Цхададзе: «Қазақстан құрамасына және біздің команда үшін керемет футболшылар өсіп келе жатыр»

19.10.2020, 02:54
Бүгін «Ордабасы» Жоао Паулоның соққан голының арқасында жеңіске жетті.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» командасының бас бапкері «Шахтер» командасымен өткен матч туралы пікірін білдірді

- Команданы өте маңызды жеңіспен құттықтаймын! Ойыннан алдын бізде көп күрделі мәселелер орын алды. Жоао Пауло тек бүгін түнде ұшып келді, Бриджидо екі апта бұрын жарақат алған еді, тек екі жаттығу өткізіп, 100% ойынға дайын болған жоқ. Махлангу екі апта жұмыс жасамай, кеше тек бір жаттығу өткізді. Сонымен қатар Досмағамбетов Ұлттық құрамадан жарақатпен келді, ал кеше бастапқы құрамада ойнайтын Даутов тактикалық жаттығуда жарақат алды.

Бізде кадрлық мәселелер орын алды, бірақ Құдайға шүкір Механович дайын боп шықты. Бүгін біз басқа жүйемен ойнадық, төрт қорғаушы және бір плеймейкер. Және де біз U-21 құрамасынан оралған жас ойыншыларға, оның ішінде Хаджиев пен Астановқа ойнауға мүмкіндік беріп қателескен жоқпыз, ойында олар жақсы көрінді. Қазақстан құрамасына және біздің команда үшін керемет футболшылар өсіп келе жатыр.

Ойын жайлы айтатын болсам, бірінші таймда біз басымдық таныттық, бірақ соңғы сәттерде тура соққылар болмады. Механович барлығын дұрыс жасап жатқаны көрініп тұрды, бірақ ойын тәжірибесі жетпей тұрғаны көрініп қалды, сондықтан гол соғуға немесе голдық пас беруге мүмкіндігі болмады.

Екінші таймда біз мықты екенімізді білдік: Жоао Пауло, Бриджидо, Махлангу алаңға шықты. Және осы шешім бұған дейін жоспарланған еді. Тек біз Жоао мен Махлангуды бірге шығарайын деп едік, дегенмен Механовичке тағы 5 минут беруге шешім қабылдадық. Матч соңында қарсылас команда жеңілетінін біліп, жұмыла шабуылға көшті, ниеттері біздің қателік арқылы гол соғу. Менің ойымша, осы матчта біз лайықты түрде жеңіске жеттік. Жігіттерге ризамын, ойын үшін оларға рахмет.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров