Алматылық клуб Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңіне шықса, төмендегі командалардың бірімен жолығуы мүмкін:
«Копенгаген» (Дания)
«Црвена Звезда» (Сербия)
«Ференцварош» (Венгрия)
«Маккаби Тель-Авив» (Израиль)
«Слован Братислава» (Словакия)
«Карабах» (Әзербайжан).
Аталған командалар «Қайрат» сияқты екінші кезеңде өнер көрсетеді. Дегенмен, қарсыластарына қарағанда мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары. Сондықтан, ҚПЛ чемпионына осы командалардың бірі кезігеді деген жорамал бар. Нақты қайсысы екенін ертең білеміз. Шілденің 21-де ЧЛ үшінші кезеңінің жұптарын анықтайтын жеребе тартылады.
Айта кетейік, қос ойын қортындысында Словения чемпионы «Олимпия» Любляна клубынан басым түскен «Қайрат» екінші кезеңде Финляндиялық «КуПС-пен» жолығады. ҚПЛ чемпионы алғашқы кездесуін 22/23-шілдеде сырт алаңда өткізсе, жауапты ойын 29/30 шілдеде Алматыда болады.
Біздің серіктес: FONBET