Жарнама
Жарнама

«Црвена Звезда» «Қайраттың» тас-талқанын шығарды

29.07.2021, 07:30
«Қайрат» енді Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу үшін күреседі.
Жарнама
Жарнама

"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта сербиялық "Црвена Звезда" клубынан ұтылып қалды. Матч Белградтағы "Райко Митич" атындағы стадионда өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 9-минутында Александр Катай айып алаңның сыртынан алыс бұрышты дәл көздеп, командасын алға шығарды. 21-минутта Луи Дьони де алыстан жерлете соққы жасап, есепті еселеді. Ал 42-минутта Катай тікелей айып добынан гол соғып, дубль авторы атанды. Екінші тайм басталған тұста Камо Оганесян допты қарсыластарына беріп қойды. Қателікті сәтті пайдаланған Мирко Иванчич командасының төртінші голын соқты. 56-минутта Филиппо Фалько матчтың нүктесін қойды.

Қос матчтың қорытындысы бойынша (6:2) "Црвена Звезда" Чемпиондар Лигасының үшінші айналымына өтті. Ал Алматылық клуб енді Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде армениялық "Алашкерт" клубымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров