Жарнама
Жарнама

ЦСКА клубы Зайнутдинов туралы қызықты мәліметтер жариялады

16.10.2021, 16:56
Мәскеулік клуб бес қызықты дерекпен бөлісті.
Жарнама
Жарнама

Мәскеулік ЦСКА Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов туралы қызықты деректерді жариялады:

1. Зайнутдинов — өз құрамасының жұлдызды ойыншыларының бірі. Баха Қазақстан құрамасы үшін 20 ойында 8 гол соққан. Абсолютті рекордқа дейін алты гол ғана қалды.

2. РПЛ-ге ауысу үшін Баха «Астанадан» өз келісім-шартын сатып алған.

3. Ал РПЛ-дегі алғашқы қос голын «Спартак» қақпасына соққан. 

4. Бақтиер ЦСКА-мен келісім-шартқа қол қойған күннің ертесіне клубтағы дебюттік матчын өткізді. Үш күн бұрын ол «Ростовтың» ойыншысы ретінде алаңға шыққан еді.

5. Жас Бақтиер жаттығу жасаған Тараз қаласындағы алғашқы алаңында сиырлар мен қойлар жайылып жүрген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров