Жарнама
Жарнама

ЦСКА клубының тәрбиеленушісі «Тұраннан» кетеді

30.06.2021, 01:28
Қорғаушы мансабын Ресейде жалғастырмақ.
Жарнама
Жарнама

"Тұранның" 26 жастағы ресейлік қорғаушысы Лайонель Адамс жақын арада командадан кетеді. Футболшы ФНЛ клубтарының біріне ауысатын болады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Адамс "Тұранға" 2021 жылдың басында қосылды. Қорғаушы түркістандық клуб үшін 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Адамс ресейлік "Енисей", "Волга" (Тверь) және КАМАЗ, армениялық "Бананц", испаниялық "Серседа", белоруссиялық "Ислочь" және ақтаулық "Каспийде" ойнаған. 2011 жылы ол Ресейдің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров