Швейцариялық маман Фабио Челестини Англияның «Бернли» клубының бас бапкері қызметіне негізгі үміткерлердің біріне айналды, деп хабарлайды Aladop.kz.
50 жастағы маман өзінің жаттықтырушылар штабымен бірге Англияға барған. Алайда клуб басшылығымен ықтимал келісімшарттың талаптары әзірге толық келісілмеген. Сондықтан Челестинидің «Бернлиге» тағайындалуы туралы ресми шешім әлі жарияланған жоқ.
Бұған дейін «Бернли» басшылығы Роб Эдвардспен келіссөз жүргізген. Алайда ол бұл ұсынысты әрі қарай қарастырудан бас тартқан. Тағы бір үміткер Карлос Корберанның Англия Премьер лигасында жұмыс істеуге ниетті екені айтылды.
Фабио Челестини Мәскеудің ЦСКА клубын жаттықтырған. Оның жетекшілігімен Pесейлік команда Ресей Суперкубогын жеңіп алды. Бұған дейін Швейцариялық маман «Базель» клубын басқарып, Швейцария чемпионаты мен ел кубогында топ жарған.
«Бернли» жаңа бапкерді бельгиялық Ники Хайен қызметінен босатылғаннан кейін іздестіріп жатыр. Оның басшылығымен команда чемпионаттағы 12 матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жетіп, Чемпионшиптің төмендеу аймағына түсіп қалған. Мұндай нәтиже клуб басшылығын жаттықтырушыны ауыстыруға итермеледі. <
Дастан Сәтпаев «Бернлиде» Лондонның «Челси» клубынан 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін жалға алу шартымен ойнап жүр. Әзірге жас шабуылшы жаңа командасында гол соғып немесе нәтижелі пас беріп үлгермеген.
Біздің серіктес: FONBET