Жарнама
Жарнама

ЦСКА сапында кезекті голын соққан Бахтиер Зайнутдинов матчтың үздік ойыншысы атанды

28.09.2021, 15:11
Бахтиер қатарынан екінші матчта гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы және Мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов РПЛ-ның 9-турында "Нижний Новгородпен" болған матчтың (2:0) үздік ойыншысы деп танылды.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов алаңға негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді. Футболшы 31-минутта гол соқты. Осылайша, Зайнутдинов қатарынан екінші матчта гол соқты. Бұған дейін ол Ресей Кубогінде "Зенит-Ижевск" қақпасынан саңылау тапқан еді.

Еске салайық, ойын 2:0 есебімен мәскеулік команданың пайдасына аяқталды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров