Жарнама
Жарнама

“ЦСКА” Зайнутдиновты неге ұстап қала алмағаны белгілі болды

25.08.2025, 15:00

"ЦСКА"-ның бұрынғы бапкері Олег Фоменко Бахтиер Зайнутдиновтың Ресей Премьер лигасына қайта оралуына байланысты пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жартылай қорғаушы мәскеулік "Динамомен” 2029 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойған еді.

"Зайнутдинов “Бешікташтың” 2024/25 маусымында 38 мүмкін матчтың тек тоғызына ғана қатысты, “Динамода” әзірге толық бірде-бір ойын өткізген жоқ. Оған "ЦСКА"-дан кетпеу керек пе еді? Бізде оны ұстап қалу мүмкіндігі болды ма?" деген сауалға Фоменко:

"Жоқ. Оның шетелде өзін сынап көруге деген үлкен қалауы болды. Өте қатты қалады. Бұл дұрыс ниет. Оның үстіне клубқа да жақсы ақша ұсынылды. Баха сапалы футболшы, ең үлкен артықшылығы әмбебаптығы, қай позицияда ойнаса да деңгейін жоғалтпайды. Оның үстіне ол жай командаға емес, Түркиядағы гранд саналатын “Бешікташқа” барды. Мұндай мүмкіндікті байқамай, кейін өмір бойы өкіну де мүмкін еді. Жаман солдат генерал болуды армандамаған солдат. Ол “Бешікташ” мансабындағы соңғы клуб болады деп ойламады, ары қарай Еуропаға кетуді қалады.” – деді Фоменко "РБ Спортқа" берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров