Тұңғышбаев “Тұранға” қарсы ойынға қатыса алмайды

“Ордабасы” жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев Лига Кубогының “Тұранға” қарсы кездесуінен шет қалады. 

Еске салсақ, Еркебұлан Лига Кубогының екінші турында “Елімай” ойыншысына қарсы ережеге сай ойнамай сары қағазбен жазаланған болатын. Турнир аясында екі рет ескерту алған Тұңғышбаев сол себептен бүгінгі ойынға қатыспайды. 

Александр Седнев шәкірттері Лига Кубогынде бұған дейін өткізген 2 ойынында да тең ойнады. Қазір шымкенттік ұжым аталған турнирдің кестесінде үшінші орында тұр. Ал оның бүгінгі қарсыласы “Тұран” бірде-бір ұпай жинай алмай соңғы орында қалып қалды. 

Қос команда арасындағы ойынды Qazsport арнасынан сағат 20:00-де тамашалай аласыздар. 

Материалда: