Аустралияда өтіп жатқан Азия кубогының финалында турнир қожайындары мен Оңтүстік Корея құрамасы кездесті.
Есепті 45-ші минутта «Суиндонның» жартылай қорғаушысы Массимо Луонго ашты. Үзілістен кейін кореялықтар қанша талпынғанымен, тараы басын теңестіру қиынға соқты. Кәрістерді төреші қосқан қосымша уақытта Сон Хен Мин құтқарып қалды – 1:1. Ойынның жеңімпазын анықтауды овертаймға жүктедік. 105-ші минутта Джеймс Троизи командасының екінші голын соғып, Аустралияға кубокты алып келді.
Бұл аустралиялықтардың Азия кубогына үшінші рет қатысуы. Бұған дейін Жасыл құрлық өкілдері 2011 жылы финалда өнер көрсеткен болатын, ол кезде жапондар басымдық танытқан болатын.