Жарнама
Жарнама

«Тұран» армениялық клубта ойнаған қазақстандық қорғаушыны қатарға қосты

28.07.2022, 17:06
Футболшыға кипрлік «Олимпиакос» қызығушылық танытқан еді.
Жарнама
Жарнама

27 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский «Тұран» клубына ауысты, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты.

Тимур - алматылық «Қайраттың» түлегі. Өткен маусымда қорғаушы «Нораванк» клубының намысын қорғады. Команда сапында 15 матч өткізіп, 3 гол соқты және Армения кубогінің иегері атанды.

Рудосельский бұған дейін көкшетаулық «Оқжетпес», талдықорғандық «Жетісу», қызылордалық «Қайсар», израильдік «Хапоэль» Петах Тиква, армениялық «Лори», «Севан» сынды клубтарда өнер көрсеткен.

Түркістандық клубта Тимур 22 нөмірмен өнер көрсетпек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров