Жарнама
Жарнама

«Тұран» Әзірбайжан құрамасының қақпашысымен келіссөздер жүргізуде

22.02.2022, 15:29
Түркістандық клубтың қақпашыға қанша жалақы ұсынғаны да белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

Әзірбайжан құрамасының 27 жастағы қақпашысы Эмиль Балаев жақын арада «Тұранға» ауысады, деп хабарлайды Sportinfo.az.

Дереккөздің мәліметінше, түркістандық клуб «Карабахтың» қақпашысына жылына 120 мың доллар төлеуге дайын. Балаев соңғы жарты жыл бойы қосалқы құрамда отырғандықтан, түркістандық клубтан көп ақша сұрамау туралы шешім қабылдаған.

«Карабахтың» бас бапкері Гурбан Гурбанов Эмиль Балаевтың командадан кетуіне өз келісімін берген екен. Бірақ ол сәл күту керек. Себебі негізгі қақпашы Шахруддин Магомедалиев жарақатынан толық айыққан жоқ. Әзірбайжандық клуб ақпан айының аяғында немесе наурыздың басында Балаевпен келісім-шартты бұзады деп күтілуде.

Еске салайық, Балаев 2019 жылы қостанайлық «Тобылдың» намысын қорғаған болатын. Ол клуб сапында 36 матч өткізіп, 27 гол жіберіп алған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров