Жарнама
Жарнама

«Тұран» әзірбайжандық қақпашымен келісім-шарт жасасты

04.03.2022, 23:14
Қақпашы бірнеше жыл бұрын «Тобылда» ойнаған еді.
Жарнама
Жарнама

Түркістандық «Тұран» 27 жастағы әзірбайжандық қақпашы Эмиль Балаевпен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді.

Эмиль Балаев «Нефтчи» командасының түлегі. Бұған дейін ол әзірбайжандық «Сумгаит» және «Зира», сондай-ақ германиялық «Айнтрахт» сияқты клубтарда ойнаған.

Еске салайық, Эмиль 2019 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың наурызына дейін «Тобылдың» намысын қорғады. Қостанайлық клуб үшін 36 кездесу өткізіп, 21 матчта қақпасын голдан аман сақтаған.

Балаев 2020 жылдың шілдесінен бері «Карабах» клубында доп тепті (19 матч).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров