Жарнама
Жарнама

«Тұран» болгариялық бапкерге ұсыныс жасады

23.10.2021, 00:41
Түркістандық клуб отандық бапкерлерге де назар аударуда.
Жарнама
Жарнама

"Тұран" жаңа бас бапкер іздестіруде, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы. Дереккөздің хабарлауынша, түркістандық клуб қарағандылық "Шахтерді" жаттықтырған Николай Костовқа ұсыныс тастаған.

Шамасы, болгариялық бапкерді шақыру нұсқасын "Тұранның" спорт директоры Мұрат Тілешев ұсынған, ол "Шахтер" сапында Костовпен бірге қызмет атқарған.

Алайда болгариялық маман Түркістанда жұмыс істеу идеясынан бас тартты. Енді, "Тұран" отандық бапкерлерге назар аудармақ. Негізгі үміткерлердің бірі - Вахид Масудов. Бірақ Юнусұлы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ал Костовтың ҚПЛ-на қайта оралу мүмкіндігі бар, нақтырақ айтсақ "Каспийге", себебі маусым соңында Срджан Благоевич командадан кетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров