Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 2-турында "Тұран" "Жетісудан" оңбай ұтылды (0:3). Бұл ойында ұпай аламыз деп үміттенген түркістандық клубтың бапкерлер құрамы ҚКФЛ сайтына берілген хаттамада жоқ футболшыны алаңға шығарды.
"Тұранның" бас бапкері 64-минутта, командасы 1:0 есебімен ұтылып жатқанда жағдайды түзетуге тырысты. Никита Бочаровтың орнына алаңға 19-нөмірлі ойыншы шықты, таңқаларлығы, матчтың хаттамасында мұндай ойыншы болмаған.
20 жастағы футболшы Алияр Мұхамед алаңға шыққаннан кейін түркістандық ұжым тағы екі гол жіберді. Ойыншының кездесу хаттамасында болмағандығы үшін "Тұранға" техникалық жеңіліс қаупі төнді (бірақ "Жетісу" клубының өзі 3:0 есебімен жеңіске жетті) және айыппұл төлеуі мүмкін еді.
Дегенмен, ҚКФЛ бұл жағдайды былай түсіпдірді: "Тұранға" қауіп төніп тұрған жоқ, өйткені клуб бәрін дұрыс жасады. Шын мәнінде, түркістандық команда Мұхамедті "Б тізіміне" қосып, төрешілер тобына тапсырды. Алайда ҚКФЛ сайтында бұл ойыншының есімі болған жоқ, өйткені төрешілер хаттаманы ауыстыра алмаған"
Біздің серіктес: FONBET