Жарнама
Жарнама

«Тұран» - «Қайсар» кездесуіне болжам

16.08.2025, 17:37

Түркістандық клуб 20 матчта 3 рет жеңіп, 3 ойынды тең аяқтап, 14-нде ұтылған.

«Қайсар» ФК футболшылары жаттығуда
Жарнама
Жарнама

Доп айырмасы - 14-39. 20-турдан кейін команда 12 ұпаймен 13-орында келеді. 11 тур бойы жеңілістен көз ашпаған түркістандықтар өткенде «Атырауға» төтеп бере алды 1:1. Бүгін енді өз алаңында «Қайсардан» ұпай алуды ойлайды. Премьер-лигада қалу мәселесі тұрғысынан қазір әр матч, әрбір ұпай қымбат. Сондықтан, Түркістандағы кездесуде алаң иелерінің аянып қалмасы анық. 

«Қайсар» ақырындап тиесілі ұпайын алып жүр. «Қайрат» пен «Ордабасыға» қарсы ойында ұпай бөлісіп, «Қызыл-Жардан» басым түсті 1:0. «Дала қасқырлары» 19 ойында 18 ұпай жинап, он бірінші сатыға жайғасқан. Бүгінгі матчтың маңызы зор, өйткені тікелей бәсекелеспен ойнамақ. 3 емес 6 ұпай үшін болатын таласта Виктор Кумыковтың командасы да барын салуы тиіс. Қызылордалықтар жеңіс тіркеп, жоғары орналасқан клубтар сүрінсе, бірнеше саты көтерілуге мүмкіндігі бар. 

Ықтимал нұсқа - екі команданың да голы. Бұған сіздер Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде 1.90 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров