Жарнама
Жарнама

Тұран” қайта түлей ме?

12 ойын қатарынан жеңілген команда бапкерін қайта қызметінен қумақшы. 

Жарнама
Жарнама

Чемпионаттың аяқталуына аз тур қалды. Биылғы біріншіліктің қорытындысы бойынша “Атырау” және “Тұран” командасы маусым аяқталғанша, біріншіліктегі орнын сақтап қалуы үшін күреспек. Алайда тур өткен сайын командалар қарсыластарынан есе жіберіп жатыр. Тиісінше, ауадай қажетті ұпайларынан қағылуда. Мейлі, “Атырау” соңғы кездесуінде “Ордабасымен” тең ойнап, “Қызылжарды” ұтып қалыпқа келуде. Ал, “Тұран” ше? Түркістандық команданың жеңіс көрмегеніне 12 ойын болған екен. Жағдайы мүлде мүшкіл ұжым маусымды жеңіспен бастап еді… Қазақстан Кубогынде “Атырауды” жолдан тайдырғанда болатын. Ал қазір болса, чемпионатта дебют жасап отырған “Ұлытаудан” жеңіле салу қиын емес! Беларусь маманы Виталий Жуковскийдің кетуімен жағдай тіптен алаңдатарлық күйге түсті. “Атырауға” кеткен бапкер құр кетпей өзінің бандасын жанына ертті. Ал, Жуковскийдің орнына “Тұранға” кезінде Түркістан ұжымын Премьерге алып шыққан Әбдіхалық Бөрібаев жайғасты. Келе сала біраз футболшыны клубқа шақыртқан бапкер Николай Солодовников үшін біраз сынға қалды. “Ұлытауда” ілініп салынып жүрген шабуылшыны “Тұранға” қосу Бөрібаев үшін басты қателік болды. Молдовалық 12 шілдеден бері командада түк бітірмеді. Бірақ бұндай жағдайдың болатынын жергілікті фанаттар білді. Бірақ, әттең қолдың келтесі… 

Алғашқы матчынан бастап Әбдіхалық Бөрібаев футбол жанкүйерлерін клубтағы жаңа ойыншылар бір-бірін әлі толық танымады деген ақталуымен маңдайындағы порша терді сүртіп келеді. Әрине, клубтың әр жеңілісіне есеп беру бапкерге ауыр тиеді. Бірақ жағдайды осыған жеткізбеу үшін нақты іс-әрекет жасау керек. Ал “Тұран” бапкерінен әзірге ешқандай позитивті өзгеріс байқалмауда. Клуб ұстағанның қолында, тістегіннің аузында кетіп барады. “Тұран” басшылығының бар жағдайдан хабардар бола тұрып, сабыр сақтауы қызық. Облыс атынан намыс қорғауға шыққан ұжым ішкі чемпионатта 7:0 есебімен ұтылып жатқанда, бейқам отыру мүмкін бе? Сол кезде бапкерді қызметінен босатпай, оның алдағы уақытта тағы екі ойын ұтылғанын көрген басшылықта темір жүйке баршылық екен! Бірақ соңғы ойын барлығын өз орнына қойып жатыр. Бөрібаев “Тұранға” дәл қазіргі сәтте бапкер болуға лайық емес деп танылды. Жақын аралықта маман футболшылармен қоштасуы тиіс. 

Біздің редакция Түркістан ұжымына жаңа бапкер ретінде Андрей Ферапонтовты қарастыруға кеңес береді. Свестославұлы 3 шілдеден бері жұмыссыз келеді. Тәжірибелі маман соңғы рет “Оқжетпесті” жаттықтырды. Клуб Андрейдің тізгінінде жақсы нәтиже көрсете бастады. Алайда Көкшетау ұжымының басшысы Мұрат Тілешовпен бас бір қазанға сыймаған маман көп ұзамай жұмыс орнын босатуға мәжбүр болды. Жергілікті жанкүйерлер бапкердің кеткенін естігенде жағаларын ұстады. Бірақ бақтарына орай “Оқжетпеске” Қайрат Нұрдәулетов келіп, жағдай тұрақты күйінде қалды. Айтпақшы, Ферапонтов артынан басшылықпен Аслан Дарабаевта сөз таластырды. Қазақстанда ойнамаған командасы қалмаған жартылай қорғаушы ақыры соңында біз сөз қылып отырған “Тұранға” келді. Сәйкестік пе? Білмедім… Бірақ басшылықтан қысым көрген қос азамат Дарабаев пен Ферапонтов Түркістанда қайта бастары қосылса, қызық болар еді. 49 жастағы маманның қол астында Аслан өте жақсы ойнады. Командадағы шабуылдардың тізбегін жалғаушы маэстро болды. Сондықтанда Андрей “Тұранға” келіп жатса, бір сенімді ойыншысы бар деген сөз. Бастысы Ферапонтов “Тұранды” Премьерде сақтап қалуға қауқары бар бапкер. Клубтың ішкі чемпионаттағы келесі қарсыластары тіс бататындай ұжымдар. Қазірде соңғы ойындарын сәтсіз аяқтап жатқан Ұлытауда болса, бұндай жеңілдік жоқ. Нүркен Мәзбаев баптайтын команда алдағы уақытта “Жеңістен” жеңіліп сынның астында қалған “Ақтөбемен” бақ сынасады.  Еурокубоктен ұшып, одан соңғы матчтан кейін көңілдері әбден түскен “ақ-қызылдар” Ұлытауды жайына қалдырады дегенге сену қиын. Одан кейін, ұжымды “Астана”, “Ордабасы” және “Тобыл” күтеді. Аталған кездесулердің барлығы “Ұлытауға” оңайға соқпайды. Ал “Тұран” қайта соңғы кездесулерін барынша, шама-шарқы келгенше жеңсе, ұшу аймағынан аман қалуы мүмкін. Бірақ оны уақыт көрсетеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: