Жарнама
Жарнама

«Тұран» «Каспийдің» қос ойыншысын жалға алды

01.07.2022, 21:08
Екеуі де ақтаулық клубтың түлегі болып саналады.
Жарнама
Жарнама

Түркістандық «Тұран» ақтаулық «Каспийдің» екі ойыншысын жалға алды. Келісім-шарт мерзімі осы маусымның соңына дейін есептелген.

26 жастағы Руслан Жанысбаев қорғаныстың оң және сол қапталында, сонымен қатар артқы жартылай қорғаушы ретінде ойнай алады. Биылғы маусымда ол ақтаулық клуб сапында 1 матч өткізді. Руслан «Каспий» үшін сегіз жыл ішінде 122 кездесуге қатысып, 5 гол мен 8 нәтижелі пастың автопы атанды.

26 жастағы жартылай қорғаушы Бекзат Қабылан шабуыл шебіндегі екі қапталда да ойнай алады. Ол биыл ақтаулықтар сапында 4 ойын өткізген. Бекзат «Каспий» жейдесінде 165 матчқа қатысып, 17 гол мен 8 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров