Жарнама
Жарнама

«Тұран» клубы жаңа директор тағайындады

27.08.2021, 18:11
Бұл маман бұған дейін стадионға жауапты еді.
Жарнама
Жарнама

«Тұран» футбол клубының басшылығында өзгеріс болды. Бас директордың міндетін атқарушы болып Айбек Тлеужан тағайындалды. 

2021 жылы ақпан айында «Түркістан Арена» стадионына басшылық қызметке шақырту алды. 

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов командаға Айбек Тлеужанды таныстырды. Жас маманның алдына клубтың ұйымдастырушылық және қаржылық қызметін ретке келтіру, сондай-ақ команданың спорттық жетістіктеріне әсер ету міндеті қойылды. 

Айбек Тлеужан клуб жұмысын Еуропа футболының заманауи талаптарына сай қайта құру үшін шақыртылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров