Өткен жылы Бірінші лигада күміс жүлдегер атанған "Арыс" командасы Премьер-лигаға жолдама алған болатын. Ендігі жерде команданың атауы өзгеріп, Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы болып құрылды. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда отандық футболдың дамуына үлесін қосатын болады. Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған команда жаңа маусымға жан-жақты дайындалуда.
Бас бапкер Абдухалық Бөрібаевтың шəкірттері «БИІК» спорт орталығында 6-шы қаңтар мен 3-ші ақпан аралығында жоспарланған алғашқы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Жергілікті жастардан құралған түркістандық командаға бірқатар талантты ойыншылар шақырту алуда. Команда сапында тәжірибесі мол жерлестеріміз іріктеуден өтуде. Енді «Тұран» командасы кезекті оқу-жаттығу жиынын Анталия қаласында өткізетін болады. Онда команда 6-шы ақпан мен 5-ші наурыз аралығында жалпы тереңдетілген жаттығуларын өткізеді. Бас бапкердің айтуынша жаттығу барысында 6 жолдастық кездесу жоспарланған.
Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақыртылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Бекжан Тоқтарбай, Андрей Пасеченко, Станислав Павлов;
Қорғаушылар: Нұрлан Даиров, Мейіржан Камбил, Ермек Қуантаев, Гафуржан Назаров, Қасымжан Таипов, Мардан Төлебек, Мирас Тулиев, Елсүйер Алпысбай;
Жартылай қорғаушылар: Асылжан Аббас, Бақдәулет Ақберген, Бекжан Әліпбеков, Еркебұлан Амангелді, Бекзат Бейсенов, Нұрғайни Бурибаев, Абай Жүнүсов, Шынболат Мақсымхан, Алияр Мұхамед, Самат Бортай, Дархан Калиұлы;
Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев, Темирлан Амиров, Нкоби Стэнли Чисом.
Анадолы елінде өтетін оқу-жаттығу жиынына тағы да бірнеше футболшылар шақырту алады. Команда басшылығы жаттығу барысында сынақтан өткен аяқ доп шеберлерімен келісімшарт түзетін болады.
"Тұран" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET