Жарнама
Жарнама

«Тұран» мен «Каспий» жеңімпазды анықтай алмады

20.04.2021, 03:10
Стэнли Премьер-лигадағы алғашқы голын соқты
Жарнама
Жарнама

"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында "Каспий" клубын қабылдады. "Түркістан-Аренада" өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.

Ақтаулық клуб 31-минутта Арман Нүсіп соққан голдың арқасында алға шықты. 60-минутта таразы басын теңестірген "Тұран" шабуылшы Стэнли Нкоби жеті минуттан кейін дубль авторы атанды. Ал 84-минутта ресейлік шабуылшы Давид Караев "Каспийге" бір ұпай сыйлады.

"Тұран" бұл ойыннан кейін 3 ұпаймен он екінші орында қала берді. 6 ұпайы бар "Каспий" сегізінші орынға табан тіреді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров