Жарнама
Жарнама

«Тұран» мен «Шахтер» бір-бірінің қақпасына гол соға алмай, ұпай бөлісті

03.10.2021, 01:59
Қос команда да турнирлік кестедегі позицияларын сақтап қалды.
Жарнама
Жарнама

"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында "Шахтермен" кездесті. Матч "Түркістан Арена" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Алаң иелері Игорь Шацкий қорғаған қақпаны 4 мәрте дәл көздесе, "кеншілер" бір ғана тура соққымен жауап қатты. Ойынның бас төрешісі Темірлан Әміров, Таңат Нөсербаев, Евгений Шикавка, сондай-ақ Иван Графты сары қағазбен жазалады.

Қуаныш Қабдловтың жетекшілігімен екінші матында жеңілмеген түркістандық ұжым 24 ұпаймен он екінші орынға жайғасты. Магомед Адиев шәкірттері 27 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров