Жарнама
Жарнама

«Тұран» нигериялық футболшымен мәміле жасасты

07.02.2022, 17:21
Футболшы өткен жылы «Ордабасы» сапында доп тепті.
Жарнама
Жарнама

«Тұран» футбол клубы 28 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучуквумен келісім-шартқа отырды.

Чиди өз отанында «Долфинс» командасында, кейін португалиялық «Брагада», белоруссиялық «Динамо» Брест пен «Рух» және ресейлік «Томь» клубында өнер көрсеткен. Ол 2011 жылы Нигерия, 2019 жылы Белоруссия чемпионы, 2016/17, 2017/18 маусымдардағы Беларусь Кубогінің және 2019 жылы Суперкубоктің жеңімпазы атанды. Ал өткен маусымда Ордабасыға ауысып, шымкенттік клуб жейдесінде 22 матч өткізіп, 3 голдық пастың авторы атанды.

Осучукву Нигерия жастар құрамасымен бірге Африка Кубогінің жеңімпазы және қола жүлдегері атанды. 2013 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров