Жарнама
Жарнама

«Тұран» «Қайрат» академиясының түлегін қатарға қосты

30.08.2021, 23:28
Сондай-ақ «Қыран» шабуылшысымен келісім-шартқа отырды.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтердің" жартылай қорғаушысы Павел Кривенцев "Тұран" клубымен келісім-шартқа отырды.

"Қайрат" академиясының түлегі, 25 жастағы Кривенцев соңғы бір жарым жылын "Шахтер" сапында өткізді, бірақ Магомед Адиевтің ойын философиясына сәйкес келмегендіктен командадан кетуге мәжбүр болды.

Кривенцев "Шахтерға" келмес бұрын бірнеше маусым бойы "Қызыл-Жардың" намысын қорғады.

Сондай-ақ түркістандық клуб 26 жастағы "Қыранның" шабуылшысы Бекжан Әбдірахманды қатарға қосты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров