Түркістандық «Тұран» 28 жастағы әзербайжандық қақпашы Эмиль Балаевтың командадан кеткенін хабарлады.
Ресми ақпаратқа сенсек, тараптар өзара мәміле бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған.
Еске салайық, Балаев «Тұранға» осы жылдың наурыз айында қосылған болатын. Бірақ 4 ай ішінде түркістандық клуб үшін бір ғана ойын өткізді.
Наурыз-сәуір айларында Эмиль жарақатына байланысты бірнеше матчты жіберіп алды, ал айыққан соң негізгі құрамға ілікпеді.
Біздің серіктес: FONBET