"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры аясында петропавлдық "Қызыл-Жарды" қабылдады. "Түркістан Аренада" өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Қос команда да ойынның соңғы минутына дейін гол соға алмады. Тек матчтың қосымша уақытында "Қызыл-Жар" қақпасына пенальти белгіленді. Стефан Живкович бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді.
Екінші матч қатарынан жеңіске жеткен түркістандық клуб 9 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді. 14 ұпайы бар "Қызыл-Жар" алтыншы орынын сақтап қалды.
Біздің серіктес: FONBET