Қарағандылық "Шахтер" Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші турындағы алғашқы матчта "Тұранмен" кездесті. Матч "Астана Аренада" өтіп, 0:1 есебімен түркістандық клуб жеңіске жетті.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды команда капитаны Таңат Нөсербаев соқты. 20-минутта Карам Сұлтанов қолмен ойнағаны үшін "Шахтер" қақпасына пенальти белгіленді. Ал Таңат доп пен қақпашыны екі жаққа айырды. Осыдан кейін "Шахтер" тайлы-тұяғымен шабуылға шықты. Бірақ барлық ойыншысын қорғанысқа жұмылдырған "Тұран" үш ұпай еншіледі.
Қатарынан үшінші кездесуде жеңіс тойын тойлаған Абдухалық Бөрібаев шәкірттері турнирлік кестеде 12 ұпаймен оныншы орынға көтерілді. 8 ұпайы бар қарағандылық ұжым екі саты төменде тұр.
Біздің серіктес: FONBET