Жарнама
Жарнама

«Тұран» қазақстандық бапкерге сенім артпақ

14.09.2022, 16:28
Түркістандық клуб бас бапкер қызметіне бірнеше кандидатураны қарастырыпты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Кучма «Тұран» командасын әрі қарай да жаттықтыра бермек, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұған дейін «Тұран» «Мақтааралды» тізгіндеген қазақстандық Константин Горовенкомен келіссөз жүргізген болатын. Сондай-ақ клуб басшылығы беларусь маманы Игорь Криушенконың, сондай-ақ Владимир Никитенко мен Вахид Масудовтың кандидатураларын қарастырды.

Премьер-лиганың 19 турынан кейін «Тұран» турнирлік кестеде 12-орынға жайғасты және қауіпті аймақта орналасқан «Ақжайықтан» бір ұпайға алда келеді.

41 жастағы Кучма бұған дейін «Тұранның» бапкерлік штабында қызмет атқарған еді. Кейін бас бапкердің міндетін атқарушы болып бекітілді. Оның басшылығымен түркістандық клуб «Ордабасыны» жеңіп (2:1), «Қайратқа» есе жіберді (1:3).

Футболшы кезінде Кучма Қазақстан құрамасы сапында 37 матч өткізіп, екі гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров