Түркістандық «Тұран» 35 жастағы қазақстандық шабуылшы Таңат Нөсербаевпен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.
Өткен маусымда Таңат Нөсербаев клуб жейдесінде 21 кездесу өткізіп, 4 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.
Естеріңізде болса, түркістандық клуб жақында ғана бас бапкер қызметіне ресейлік маман Владимир Газзаевты тағайындаған болатын. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының ойыншысы Азат Нұрғалиевпен келісім-шартқа отырды.
Дәл қазіргі сәтте «Тұран» Түркияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Клуб сапында Максим Федин, Александр Клещенко, Сұлтан Әбілғазы және Лев Скворцов қаралымнан өтуде.
Біздің серіктес: FONBET