Жарнама
Жарнама

«Тұран» Қырғызстан құрамасының қақпашысымен келісім-шарт жасасты

09.02.2022, 03:02
Жас қақпашы түркістандық клуб үшін екі кездесу өткізді.
Жарнама
Жарнама

21 жастағы қақпашы Ержан Токотаев «Тұранға» ауысты, деп хабарлайды Қырғызстан футбол одағының ресми сайты.

Қақпашы түркістандық клубқа еркін агент ретінде ауысты. Келісім-шарт мерзімі 2022 жылдың соңына дейін есептелген.

Ержан Токотаев мансабын 2020 жылы Бішкектің «Дордой» командасында бастады (13 матч). Ал өткен маусымды «Алга» клубында өткізді (15 матч). 2021 жылы Қырғызстан құрамасында дебют жасап, содан бері 3 матчқа қатысты.

Айта кетейік, Токотаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Тұран» үшін екі кездесу өткізіп үлгерді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров