Жарнама
Жарнама

«Тұран» Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысымен келісім-шартқа отырды

23.07.2021, 16:52
Футболшы артқы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, жазғы трансферлік терезеде «Тұранның» алғашқы жаңа ойыншысы «Дордойдың» жартылай қорғаушысы Фархат Мұсабеков болады.

Мұсабеков клубқа екі апта бұрын «Дордойдағы» серіктесі Александр Мищенкомен бірге қаралымнан өту үшін келді. Бірақ Мищенко жеке келісім-шарттың талаптары туралы келісе алмай, үйіне оралды, ал Мұсабеков келісім-шартқа қол қойды.

Фархат Мұсабеков артқы жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетеді және Қырғызстан құрамасының ойыншысы. Ол сондай-ақ «Дордойдың» вице-капитаны болған және осы позицияда ойнайтын өз еліндегі ең мықты футболшы болып саналады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров