Жарнама
Жарнама

«Тұран» ресейлік қорғаушымен қош айтысты

01.09.2021, 19:20
Түркістандық клуб оның орнына қырғызстандық футболшыны алды.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, ресейлік қорғаушы Лайонел Адамс "Тұран" клубынан кетті.

"Тұран" бұл қорғаушының орнын басатын ойыншыны тауып қойды. Түркістандық клуб жақында ғана Қырғызстан құрамасының қорғаушысы Тамерлан Козубаевпен келісім-шарт жасасқан еді.

27 жастағы Лайонел Адамс "Тұранға" маусымаралық үзіліс кезінде қосылды. Қазақстан чемпионаты аясында ресейлік футболшы 15 матч өткізді. Адамс мансабын ресейлік ФНЛ клубтарының бірінде жалғастыруы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров