Жарнама
Жарнама

«Тұран» сегіз ойыншымен келісім-шартқа отырды

09.03.2021, 02:05
Түркістандық клуб легионерлерді қатарға қосты.
Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың дебютанты "Тұран" Никита Бочаров, Лайонел Адамс, Павел Деаболд, Алексей Залеский, Евгений Смирнов, Милан Стоянович, Стефан Живкович және Стэнли Нкобимен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бочаров бұған дейін "Ордабасы", "Ақтөбе" және "Тобылда" ойнаған. Ойыншы өткен маусымды қостанайлық командада бастауы керек еді, бірақ ақпанда жарақат алуына байланысты қос тарап келісім-шартты бұзды.

Ресейлік футболшы Лайонел Адамс бұған дейін "Каспий" сапында ойнаған. Келісім-шарты аяқталғаннан кейін ол ақтаулық командадан кетті. Премьер-лигада футболшы 15 ойын өткізді.

Андрей Залеский өткен маусымды "Жетісу" сапында өткізді. Жалпы талдықорғандық клуб үшін 13 матч өткізіп, 1 гол соқты. Бұрын жартылай қорғаушы "Динамо Минск", "Слуцк" және "Динамо Брест" командаларында ойнаған.

Украиналық қорғаушы Евгений Смирнов соңғы маусымда "Сфынтул Георге" клубының намысын қорғап, 2 голдың авторы атанды.

Стоянович бұған дейін сербиялық "Металац" пен "Радник", сондай-ақ қарағандылық "Шахтер" сапында доп тепкен. Жартылай қорғаушы соңғы екі маусымды "Оқжетпесте" өткізді (47 матч, 8 гол).

Сербиялық қорғаушы Стефан Живкович Қазақстанда "Ертіс", "Атырау" және "Жетісу" командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол "Жетісу" жейдесінде 16 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Нигериялық шабуылшы Стэнли Нкоби өткен маусымда "Тұранның" үздік сұрмергені болды. 12 кездесуде ойыншы 6 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров