Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 30 жастағы шабуылшы Самир Фазлидің агенті «Ақтөбе», «Атырау» және «Ақсу» клубтарымен келіссөздер жүргізген.
2021 жылғы маусым аяқталғаннан кейін Фазлидің агенттері бірнеше клубпен байланысқа шыққан. Бірақ ешқандай командадан ұсыныс болмаса, Самир келесі маусымда да «Тұранның» намысын қорғауы мүмкін.
Тәжірибелі шабуылшы жаңа жылға дейін болашағына қатысты нақты шешім қабылдағысы келеді.
Фазли «Тұранға» осы жылдың қыркүйек айында қосылды. Түркістандық команда сапында 5 ойын өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET