Жарнама
Жарнама

«Тұран» шетелдік футболшылармен толықты

27.07.2022, 20:04
Түркістандық клуб жазғы трансферлік терезеде белсенді жұмыс істеді.
Жарнама
Жарнама

Түркістандық «Тұран» Черногория жастар құрамасының қорғаушысы Звонко Чекличпен келісім-шартқа отырды.

23 жастағы футболшы бұған дейін Черногорияның «Зета» және «Братство» сияқты клубтарында ойнаған.

«Зета» үшін Чеклич 108 матч өткізіп, 2 гол соққан. Бір қызығы, 20 шілдеде ойыншы черногориялық «Бокель» клубына ауысқан еді, ал бүгін «Тұранға» қосылды.

28 жастағы белорусиялық жартылай қорғаушы Олег Евдокимов те түркістандық клубпен келісім-шарт жасасты.

Бұған дейін футболшы «Минск» сапында ойнаған. Бұл командада Евдокимов 175 матч өткізді. Осы маусымда жартылай қорғаушы «Минск» үшін 15 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров