Жарнама
Жарнама

«Тұран» соңғы секундта жеңілістен аман қалды

13.09.2025, 21:00

Қазақстан Премьер-Лигасының 24-турында түркістандық «Тұран» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауды» қабылдады.

Жарнама
Жарнама

Қонақтар бірінші таймда есеп ашты. 41-минутта жапондық легионер Котаро Киши айып алаңы сыртынан жойқын соққы жасап, қақпа торын тулатты. «Тұран» бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, ұзақ уақыт гол соға алмады. Тек қосымша уақыттың соңғы секундта орындалған айып соққысынан кейін доп «Ұлытау» футболшысына тиіп кетті. Төреші ойлануға бірнеше минут уақыт алып, ақыры қонақтар қақпасына пенальти белгіледі. Оны Бақдәулет Зүлфикаров мүлт жібермеді. Есеп: 1:1.

Бұл тең есептен кейін «Тұран» турнир кестесіндегі басты бәсекелесі – «Ұлытауды» алысқа ұзата қоймады.

«Тұран» — «Ұлытау» 1:1 (0:1)
Голдар: Киши 41 (0:1), Зүлфикаров Б. (пен.) 90+10 (1:1).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: