Түркияда тұрақтаған «Тұран» топырлатып легионер жинап жатыр. Жаңа маусыға дайындығын пысықтап жатқан түркістандықтардың оқу-жаттығу жиынына панамалық Явир Уайт Кадир мен ресейлік Константин Дорофеев келіп қосылды.
Жақында ғана Тұранды тізгіндеген Беларусь маманы Виталий Жуковский негізінен легионерлерге иек артатын бапкер. Былтыр Атырауды жартылай белорустік командаға айналдырған болатын. Ал Түркістанға келіп, мұхит асып сонау Панамадан ойыншы алдырып жатыр екен. Мүмкін ҚПЛ-дің географиялық көкжиегін кеңейтуді көздеген шығар. Оңтүстік пен Солтүсік Американы жалғайтын елден келген Уайт Кадир есімді футболшы туралы ғаламтордың өзінен ешқандай мәлімет таба алмадық. Ал Константин Дорофеев Ресейдің екінші лигасының Краснодар-2 командасында ойнаған. Бұған дейін, Тұранның қатарын черногориялық Горон Милойко мен Иован Пайович толықтырған болатын. Иә, Түркістанда жаңадан Интернационале деген команда құрылып жатқан сияқты ғой.
Біздің серіктес: FONBET