Жарнама
Жарнама

«Тұран» Түркиядағы атақты командамен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

17.11.2021, 22:22
Қазір қос команда арасында келіссөздер жүріп жатыр.
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық «Тұран» мен Түркияның ең беделді клубы «Галатасарай» жолдастық кездесу өткізуге жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, жақын арада «Тұран» мен «Галатасарай» командалары арасында жолдастық кездесудің ұйымдастырылуы әбден мүмкін. Түркістан облысының басшылығы матчты өткізу мүмкіндігін түрік клубының даму жөніндегі директоры Фатих Ыбрадымен талқылап үлгерді.

«Галатасарай» өзінің 116 жылдық тарихында 59 трофей жеңіп алған Түркиядағы ең танымал және атақты футбол клубтарының бірі.

«Тұран» футбол клубы 2021 жылы Қазақстан Премьер-лигасында алғашқы маусымын өткізіп, чемпионат кестесінде 12-орынға ие болып, ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров