Жарнама
Жарнама

«Тұран» украиналық футболшымен келісім-шарт жасасты

30.08.2021, 21:35
Евгений соңғы 2 жылын Өзбекстан чемпионатында өткізді.
Жарнама
Жарнама

Украиналық жартылай қорғаушы Евгений Чумак мансабын "Тұран" командасында жалғастырады. Футболшы түркістандық клуб сапында 89-нөмірмен өнер көрсетпек.

25 жастағы орталық жартылай қорғаушы 6 жыл бұрын Украина кубогін жеңіп алды және өз елінің жастар құрамасына шақыртылған.

Евгений соңғы 2 жылын Өзбекстан чемпионатында өткізді. Ол жерде "Бунёдкор" және "Металлург" командаларында доп тепті, ал оған дейін грузиялық "Шевардени" клубында ойнады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров