Бізге жеткен инсайдтық ақпарат бойынша, Түркістанның «Тұраны» қақпашы Дәурен Тоқмағамбетовпен келісімге келді.
27 жастағы футболшы маусымды алматының «Хан-Тәңірі» клубында бастаған. Бірінші лига аясындағы турнирде Д. Тоқмағамбетов 5 матчта өнер көрсетіп, 6 доп жіберген болатын. «Қайрат» академиясының түлегі «Байқоңыр», «Арыс», «Түркістан», және «Іле-Алатау» сынды командалардың намысын қорғаған.
«Тұран» ҚПЛ-дің 17 турынан кейін 11 ұпаймен он үшінші орында келеді. Бүгін түркістандықтар «Ордабасымен» кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET