Расталмаған ақпарат бойынша, Премьер-Лиганың бірінші турындағы "Тұран" мен "Астана" (2:2) арасындағы матчтан кейін елордалық команданың киім ауыстыратын бөлмесінде жанжал туындады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Ойыннан кейін "Астана" командасындағы легионерлердің бірі клуб басшылығының өкіліне дауыс көтеріп сөйлеген. Футболшы "Түркістан-Аренадағы" матчтың осындай қолайсыз жағдайда өткеніне, сондай-ақ клубтың басқа да ішкі мәселелерінің уақытында шешілмегеніне наразылығын білдірді.
Легионердің ашуына басшылықтың өкілі де қатаң түрде жауап берді, содан кейін команданың киім ауыстыратын бөлмесінде жағымсыз атмосфера орнады.
Біздің серіктес: FONBET