Жарнама
Жарнама

«Тұранның» 19 жастағы жартылай қорғаушысы шетелдік клубқа ауысуы мүмкін

30.10.2021, 15:53
Жас футболшы биылғы маусымда 16 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берді.
Жарнама
Жарнама

Түркістандық "Тұран" командасының жартылай қорғаушысы Нұрғайни Бөрібаев мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы.

19 жастағы футболшыға Солтүстік Македония мен Сербияның клубтары қызығушылық танытуда. Бөрібаевтың "Тұранмен" келісім-шарты жақын арада аяқталады, ол өзін шетелде сынап көргісі келеді. Transfermarkt порталы Нұрғайни Бөрібаевтың нарықтық құнын 75 мың еуроға бағалап отыр.

"Тұран" сапында доп тебетін Солтүстік Македония құрамасының экс-шабуылшысы Самир Фазли қазақстандықтың шетелге кетуіне өз үлесін қосуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров