Жарнама
Жарнама

«Тұранның» экс-бапкері Бірінші лига клубын жаттықтырмақ

03.10.2021, 22:05
Бөрібаев Премьер-лигаға шығу мүмкіндігі бар клубты тізгіндеді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Тұранның» бұрынғы бас бапкері Абдухалық Бөрібаев жаңа жұмысқа орналасты.

Бөрібаев Бірінші лигадағы «Қыран» клубының жаттықтырушылар құрамына енді. Жаңа командада ол бас бапкер Болат Есмағамбетовке көмектесетін болады. 19-турдан кейін шымкенттік клуб турнир кестесінің үшінші сатысында тұр және чемпионат көшбасшысынан 2 ұпайға артта келе жатыр.

Абдухалық Бөрібаев чемпионаттың аяқталуына 5 тур қалғанда «Тұраннан» кеткен еді. Ол қызметінен кеткеннен кейін түркістандықтар екі матчта 4 ұпай жинады: олар сырт алаңда «Қызыл-Жарды» жеңіп, «Шахтермен» өз алаңында тең ойнады.

Бір қызығы, Бөрібаев клубтан кетуге шешім қабылдап, командамен қоштасқан күннің ертеңінде өз қызметінде қалуға тырысты. Бұл үшін ойыншылар клуб басшылығынан бас бапкерді сақтап қалуы туралы өтініш жасау керек еді. Бірақ футболшылар мұндай әрекетке барған жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров