ЦСКА-ның бұрынғы қорғаушысы Седрик Гогуа виза мәселесіне байланысты қазақстандық «Тұрандағы» мансабын жалғастыра алмады, деп хабарлады футболшының агенті Дмитрий Селюк.
«Келісім-шарт жасалып, Владимир Газзаев оны өз командасында көргісі келсе де, Гогуа «Тұранға» ауыса алмады. Елдегі қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерден кейін шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне қатысты пайда болған жаңа ережеге байланысты ол виза ала алмады. Жалпы, бюрократиялық қағазбастылықтың кесірінен трансфер сәтсіз аяқталды.
Заңды тұрғыдан алғанда, менде клубтан ойыншының бір жылдық жалақысын төлеуді талап етуге толық негіз бар еді, өйткені трансфердің сәтсіз шығуы біздің кінәміз емес. Бірақ біз кәдімгі адамдармыз және клубтың жағдайын көргеннен кейін мұны жасамадық. Нәтижесінде келісім-шарт ешбір өтемақысыз бұзылды», - деді Селюк.
Еске салайық, ивуарлық қорғаушы маусымаралық үзіліс кезінде «Тұранмен» келісім-шарт жасасқан еді. Футболшы түркістандық клубтың оқу жаттығу жиынына қосылғанымен, бірде-бір матчқа қатыспады.
Біздің серіктес: FONBET