28 жастағы қырғызстандық жартылай қорғаушы Фархат Мұсабеков түркістандық «Тұраннан» кетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Жартылай қорғаушымен жасалған келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Қырғызстандық футболшы «Тұранға» өткен жылдың шілде айында қосылған еді. Содан бері түркістандық клуб сапында 21 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.
Фархат Қырғызстан құрамасына тұрақты түрде шақыртылып жүр. Өз елінің негізгі командасы үшін 45 матч өткізіп, 2 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET