Жарнама
Жарнама

«Тұранның» сербиялық футболшысына ота жасалмақ

29.04.2021, 17:02
Футболшы отаны Сербияда жасатпақ.
Жарнама
Жарнама

"Тұранның" сербиялық легионері Милан Стоянович жарақатына байланысты біраз уақыт бойы командасына көмектесе алмайды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Жартылай қорғаушыға мениск жарақаты деген диагноз қойылды. Футболшы Белградқа ұшып кетті, сол жерде оған ота жасалатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Стоянович "Тұран" сапына осы маусымның басында қосылған еді. Содан бері төрт матчқа қатысып, нәтижелі іс-әрекетпен көзге түспеді. 32 жастағы футболшы Қазақстанда "Шахтер" және "Оқжетпес" клубтарының намысын қорғаған.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров