«Тұранның» спорт директоры Фархадбек Ирисметов қызметінен кетті. Түркістандық клуб қос тараптың келісімі бойынша Фархадбек Ирисметовпен келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдады.
«Осы төрт айда үлкен тәжірибе жинадым. «Тұранға» осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін рахметімді айтамын. Спорттық жағынан да, тұрмыстық жағынан да жылулықпен еске алатын уақыт үшін алғысымды білдіремін», – деді Фархадбек Ирисметов.
Естеріңізде болса, 40 жастағы маман түркістандық клубқа өткен жылдың желтоқсанында келген еді. Бірақ төрт ай ғана жұмыс істеді.
Біздің серіктес: FONBET