Жарнама
Жарнама

«Тұранның» үздік сұрмергені жарақат алды

17.12.2021, 03:10
Шабуылшы демалыс кезінде тізесін зақымдап алыпты.
Жарнама
Жарнама

Темірлан Әміров ауыр жарақат алды. Бұл туралы футболшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Тұранның» үздік сұрмергені тізе байламын жарақаттап алды. Шабуылшы демалыста қандай жағдайда жарақат алғанын ашып айтпады.

Еске сала кетейік, Әміров 2021 жылғы маусымда 24 матчта 5 гол соққан болатын. Сондай-ақ 24 жастағы шабуылшы ел кубогінің бес матчына қатысқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров