Жарнама
Жарнама

Турдың орталық ойынында “Ордабасы”  мықты болып шықты

ҚПЛ бүгінге жоспарланған 8-турдың соңғы ойыны аяқталды. Онда шымкенттік “Ордабасы” мен қостанайлық “Тобыл” кім мықтыны анықтаған болатын.

Жарнама
Жарнама

ҚПЛ, 8-тур

“Ордабасы” 1:0 “Тобыл”

Гол: Беседин 21’

Қызыл қағаз: Миладинович 90+2’

Соғылмаған пенальти: Федин 90+2’

“Ордабасы” ФК

Шайзада (Қ), Малый, Ерланов, Пластун, Реджинальдо (Астанов), Шехович, Тағыберген (Жарынбетов), Цвек, Исламхан (Әбікен), Садовский (Яшхибоев), Беседин (Федин);

“Тобыл” ФК

Покатилов (Қ), Домжони (Асранқұлов), Пап-Альюн, Эдедем, Миладинович, Тапалов (Габараев), Шахов (Ғалым), Эль-Мессауди, Чесноков, Иванович (Жұмашев), Купер (Валиуллин);

Бүгінгі кездесуде “Тобыл” клубының 8 ойынға созылған жеңіліссіз сериясына нүкте қойылды. Наурыздың басынан бері өткізіліп келе жатқан кездесулерінде бірде-бір рет жеңілмеген Милич Чурчич шәкірттері ішкі чемпионатта 12 ұпаймен 6 орынға түсті. Ал өз жанкүйерінің алдында жерге қарамаған “Ордабасы” бүгінгі қарсыласынан турнирлік кестеде бәр саты жоғарылады. 

Шымкенттік команда Премьер-лигадағы келесі кездесуін “Ақтөбеге” қарсы өткізеді. “Тобыл” болса, қарағандылық “Шахтерде” қонақтайды. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров