Жарнама
Жарнама

Турдың орталық матчында «Тобыл» «Каспийді» минималды есеппен жеңді

20.06.2022, 04:10
Матч барысында Зоран Тошич пенальтиден гол соға алмады.
Жарнама
Жарнама

«Тобыл» мен «Каспий» Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші туры аясында өзара мықтыны анықтады. Қостанайдағы Орталық стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.

Кездесудің 6-минутында Игорь Сергеев Зоран Тошичтің пасынан кейін есеп ашты. Ал бірінші таймның аяқталар тұсында Тошичте есепті еселейтін мүмкіндік болып еді. Бірақ тәжірибелі футболшы пенальтиді өз пайдасына жарата алмады.

Қазақстан Премьер-лигасы, 14-тур

«Тобыл» – «Каспий» – 1:0

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Бағдат Қайыров, Алекса Аманович, Сергей Малый, Александр Марочкин, Самат Жарынбетов – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (к) – Рубен Бриджидо, Зоран Тошич, Игорь Сергеев;

«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Артём Барановский, Виктор Дмитренко, Тарас Бондаренко, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Рати Ардазишвили, Павел Киреенко, Аслан Әділ – Алмас Арменов;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров